Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын

16.03.2023, 18:19
535
Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммитінде сөз сөйлеп, Қазақстан апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сөзін "Түркияға үлкен ауыртпалық әкелген аса жойқын жер сілкінісіне байланысты жиналдық" деп бастаған Қазақстан басшысы марқұмдардың туған-туыстарына және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтты.

"Алапат зілзаланың зардабын тартқан Түрік елінің қайғысы – барша түркі жұртының қасіреті деп білемін. Қазақта «Қайғыны бөліссең – азаяды» деген сөз бар. Ағайынның басына күн туғанда біздің халқымыз ешқашан қол қусырып отырмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан халқы бірден түрік бауырларға қол ұшын созғанын, құтқарушыларымыз және дәрігерлеріміз дереу көмекке аттанғанын атап өтті.

"Қажетті құралдармен жабдықталған ең тәжірибелі, білікті мамандарымыз құтқару жұмысына атсалысты. Бауырлас елге гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетілді. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз", - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда, мемлекет басшысы қазақ елі апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін жеткізді.

"Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін", – деп түйіндеді сөзін Қазақстан Президенті.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды