Алматыда алаяқтық үшін сатып алынған SIM-карталар табылды

26.05.2025, 09:45
680
Алматыда алаяқтық үшін сатып алынған SIM-карталар табылды Polisia.kz

Алаяқтар ерекше схема арқылы жұмыс істеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласының полицейлері интернет-алаяқтықпен байланысты жасырын сызбаны анықтап, оның жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды үшінші тұлғаларға тапсыру үшін пайдаланылған SIM-карталар мен мобильді құрылғыларды жаппай сатып алған әйелді ұстады.

Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, бұл схемалар алаяқтардың анонимді әрекет етуіне мүмкіндік берген. Олар өзін мемлекеттік орган немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған. Ұсталған әйел "жеңіл табыс" туралы хабарламаға жауап беріп, сыйақы үшін жүздеген абоненттік нөмірлерді өз атына рәсімдегенін мойындады.

Дәл осы нөмірлер арқылы бірнеше қылмыстық істерге қатысы бар қоңыраулар жасалғаны анықталды.

"SIM-карталар, пошталар, банк және мессенджер аккаунттарымен байланысты кез келген "үйден жұмыс" ұсынатын хабарламалар – бұл жоғары қауіптілік белгісі. Адам мұндай әрекеттер арқылы өз еркінен тыс қылмыстық әрекетке араласып кетуі мүмкін. Сондықтан мұндай ұсыныстарға сақтықпен қарап, артында қандай мақсат тұрғанын терең ойлаған жөн", – деді Алматы қалалық ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Қазіргі таңда полиция мұндай заңсыз схемаларды анықтау мен жою бағытында жұмыстарын жалғастыруда. Тәртіп сақшылары азаматтарды интернеттегі күмәнді әрекеттер туралы бірден құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды