ЕуроОдақ басшысы Ресейге қарсы қысымды күшейтуге шақырды

26.05.2025, 10:06
688
ЕуроОдақ басшысы Ресейге қарсы қысымды күшейтуге шақырды Кристина Кормилицына/РИА Новости

Ресей 25 мамырға қараған түні Украинаға жаппай шабуыл жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 25 мамырға қараған түні Ресейдің Украинаға жасаған жаппай шабуылынан кейін Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас Мәскеуге қарсы «барынша күшті халықаралық қысым» жасауға шақырды.

«Бұл соғысты тоқтату үшін Ресейге халықаралық қауымдастықтың ең күшті қысымы қажет», – деді Каллас.

Саясаткердің айтуынша, Ресейдің түнгі шабуылдары елдің Украинаға қарсы қасақана жойқын әрекеттерін тағы бір дәлелдеді.

«Кеше түнгі шабуылдар Ресейдің Украина халқын азаптап, елді жоюды жалғастырып жатқанын көрсетеді. Қаза тапқандардың арасында балалар бар екені – ерекше ауыр. Жүрегім сол отбасылармен бірге», – деп жазды Каллас X (бұрынғы Twitter) желісінде.

Сол күні Украина президенті Владимир Зеленский де одақтастарын Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуге шақырды.

«Әрбір террористік соққы – жаңа санкцияларға толық негіз. Ресей бұл соғысты созып отыр және күн сайын адам өлтіруді жалғастыруда. Демалыс күндері әлем тынығуы мүмкін, бірақ Украинадағы соғыс тоқтамайды. Бұл үнсіздік – Путинді ғана жігерлендіреді. Ресей басшылығына шынайы қысым болмайынша, бұл қатыгездік тоқтамайды», – деп жазды ол Telegram парақшасында.

Украина билігінің мәліметінше, 25 мамырға қараған түні Ресей әскері Украина аумағына шамамен 300 дрон және 70-ке жуық түрлі зымыран (соның ішінде баллистикалық) атқан.

Киев және Киев облысы, Житомир, Хмельницкий, Тернополь, Чернигов, Сумы, Одесса, Полтава, Днепр, Николаев, Харьков және Черкассы облыстары шабуыл нысаны болған.

Зеленскийдің айтуынша, Киевтегі ұлттық университеттің жатақханасы мен бірқатар кәсіпорындарға зақым келген.

«Қайтыс болғандар бар, олардың арасында балалар да бар. Қайғырып көңіл айтамын», – деді ол.

«Ол саған малай емес»: Ерке Есмахан үйін тазалатамын деп басы бәлеге қалды Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді «Жасым келді ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жылдан бері атақ алмай жүргеніне ренжіді Бизнес үйретемін деп жұртты алдаған ақтаулық коучқа үкім шықты Жалғызбасты ана өзін бірнеше ер адам ұрлап әкетіп, мәжбүрлеп жындыханаға жатқызғанын айтты (ВИДЕО) «Мейрамхана, лимузин, от-шашу»: Ақтаудағы балабақша түлектерінің бітіру кеші жұрт талқысына түсті (ВИДЕО) Қарағандылық әке 16 жастағы қызын бір топ еркек зорлап кеткенін айтты «Елден шығуға болмайды деп айтпады»: Ақнәрдің өліміне күдікті қыз сұхбат берді (ВИДЕО) Астанада жасөспірімнен ақша бопсалаған төрт адам 10 жылға сотталды «Мені кемсітті»: Соңғы қоңырауда жас түлек мектеп директоры туралы шындықты айтып кетті Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне 100 баспана сыйлады «Ақиқат үшін жұмыс істедім»: Шерзаттың адвокаты соттан шеттетілгенін айтты (ВИДЕО) Германия канцлері Фридрих Мерц Израильді сынға алды Атыраулық келіншек сырғасын шешуге құтқарушыларды шақырған Енді ChatGPT де Қазақстанға қосымша құн салығын төлейді Макрон әйелінің әрекеті туралы түсіндірді (ВИДЕО) Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды Шымкенттік ер адам зообақта түйеқұсты бір тепті «Тілімді алады»: Досымжан Таңатаров не үшін 30 жылдан бері әйелін жасырып жүргенін айтты (ВИДЕО)