Астанада LRT айналасы безендіріліп жатыр

26.05.2025, 10:50
593
Астанада LRT айналасы безендіріліп жатыр Астана әкімдігі

Тіректерді бояу, ағаш отырғызу жұмыстары басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада LRT желісі өтетін аумақтар абаттандырылып, эстетикалық жағынан жаңартылып жатыр. Эстакаданың тіректері боялып, жол бойына мыңдаған ағаш отырғызылуда. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

Қала билігінің мәліметінше, LRT бағыты бойындағы көшелерге 7500-ден астам ірі ағаш отырғызылады. Әсіресе Сығанақ көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы ерекше назарда.

– Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен қаланың барлық аудандары қамтылады. LRT бағыты өтетін көшелерде жаяу жүргіншілерге қолайлы, көлеңкелі, жайлы кеңістіктер пайда болады. Жұмыстар «адамдар үшін қала» тұжырымдамасына сай атқарылады, – делінген әкімдік хабарламасында.

Биыл елордада 170 аула мен қоғамдық кеңістік – саябақтар, скверлер мен бульварлар абаттандырылады. Сонымен қатар 1 миллионнан аса жасыл желек – ағаш, бұта және гүл отырғызу жоспарланған.

Сығанақ көшесінде көгалдандыру жұмыстары басталып кеткен. Жыл соңына дейін бұл көшеге 1174 ағаш, 47 мыңнан аса гүлді бұталар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызылады.

– Сығанақ көшесі транзиттік жол ғана емес, жайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістікке айналмақ, – деді әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ 1 мамырдан бастап LRT эстакадасының тіректері мен арқалықтары ашық сұр түске бояла бастады. Бұл реңк практикалық жағынан тиімді – кір көрінбейді, күннен, жауыннан және шаңнан қорғайды.

– Қолданылатын бояу ультракүлгін сәуле, ылғал, температура өзгерісі мен механикалық әсерлерге төзімді. Сонымен қатар, қоршаған ортаға зиянсыз, – деп мәлімдеді әкімдік.

Мұндай түс шешімдері Германия, Нидерланды және Скандинавия елдерінде кеңінен қолданылады. Сингапурда да LRT мен MRT бейтарап түстермен боялады, ал Жапонияда бояу – құрылымдық ақауларды бақылауға да көмектеседі. АҚШ пен Канадада мұндай жұмыс антивандал жабынмен қатар жүргізіледі.

– Астанадағы бояу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады, – деп толықтырды әкімдік баспасөз қызметі.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды