Жетісуда күйеуі бар келіншекті бопсалаған таксист сотталды

Аиса Махамбет Редактор
26.05.2025, 12:56
614
Жетісуда күйеуі бар келіншекті бопсалаған таксист сотталды images.hub.ldpr.ru

Жетісу облысында такси жүргізушісі тұрмыстағы әйелді бопсалаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаЖетісу облысының тұрғыны тұрмыстағы әйелді жасырын жазба арқылы бопсалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ер адам такси жүргізушісі ретінде жолаушы әйелмен болған жеке әңгімесін видеорегистраторға жазып алып, кейін ақша талап еткен.

Оқиға биылғы жылдың қаңтар айында болған. Ер адам Алматыдан Қарабұлақ ауылына жолаушыларды тасымалдап жүрген. Жолда ол жолаушылардың бірімен әңгімелесіп, кейін қалғандары түсіп кеткеннен соң, әйелмен жеке сөйлесуді жалғастырған. Екеуі жақынырақ танысуға келіскен.

Бірнеше күннен кейін жүргізуші WhatsApp мессенджері арқылы әйелге хабарлама жолдап, егер 50 мың теңгежібермесе, олардың әңгімесін күйеуіне көрсететінін айтып қорқытқан. Отбасылық жанжалдан сескенген әйел талапты орындап, ақша аударған.

Алайда бопсалаушы мұнымен тоқтамай, қайта-қайта ақша талап ете бастаған. Бұл әрекеттің тоқтамайтынын түсінген әйел полицияға жүгінеді. Күдікті кезекті ақша алған сәтінде қолға түсті.

Сот отырысында айыпталушы А. кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот бұл жағдайды жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріп, 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу және 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындады.

Сондай-ақ сот шешімімен айыпталушы жәбірленушіге моральдық зиян үшін 200 000 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді