«Әйелді қызғанған»: Зейнеткерлерді өлтіріп, мәйітті жертөлеге тастаған қылмыскердің соты басталды

Азиз Қалижан Редактор
26.05.2025, 14:32
1874
«Әйелді қызғанған»: Зейнеткерлерді өлтіріп, мәйітті жертөлеге тастаған қылмыскердің соты басталды Отбасылық мұрағаттан

Ақтөбелік ер адам әйелін бірнеше сағат кепілде ұстап, оның ата-анасын өлтіріп тастаған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде зейнеткер ерлі-зайыптыны аяусыз өлтіріп, әйелді бірнеше сағат кепілде ұстаған Сәрсенбек Басановтың ісі бойынша сот тыңдауы басталды. Оған Қылмыстық кодекстің үш бабы: «Адам өлтіру», «Бостандықтан заңсыз айыру», «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бойынша айып тағылған.

Прокурордың айтуынша, Басанов бұрын бірге тұрған Э.Қазтуғановаға қатысты қызғаныштан қылмысқа барған. Ол 2025 жылы 13 қаңтарда Қазтуғанованың ата-анасының үйіне пышақ, лента, бұрағыш салып барған. Алдымен Қазтуғанованың анасын — Зина Шаймағанбетованы — 20 рет пышақтап өлтіріп, денесін жертөлеге жасырған. Артынша үйге келген Қазтуғанованы байлап, ұрып-соғып, бірнеше сағат кепілде ұстаған.

Көп ұзамай үйге өгей әкесі Б.Әлиев келіп, ол да Басановтың қолынан ауыр соққылардан қаза тапты. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, екеуі де көп қан жоғалтудан көз жұмған.

Бала мен туыстары полиция шақырып, ұзақ келіссөзден кейін Қазтуғанова босатылды. Басанов сол жерде ұсталды.

Іс бойынша төрт жәбірленуші бар: қаза болған екі адамның туыстары мен Э.Қазтуғанова. Марқұмдардың жақындары айыпталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрап отыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды