SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда қыз алып қашқан көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.
Алматы маңындағы айналма жолда болған жол апатынан бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 24 мамыр күні шамамен 18:00-де Үлкен Алматы айналма автожолында тіркелді.
Алдын ала мәліметке сай, KIA көлігі Mercedes-Benz-пен жанама соқтығысқан. Соққыдан кейін Mercedes-Benz аударылып кеткен. Жолаушылардың бірі сол жерде көз жұмды, қалған үш адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Куәгерлердің айтуынша, апат қыз алып қашу кезінде болған. Қыз екі жақтың келісімімен Талдықорғаннан Алматыға алып қашылған.
Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.