SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сәтбаев қаласында жүргізуші көше бойындағы кафенің жанында тротуарда тұрған бірнеше жасөспірімді қағып кетті. Оқиға 25 мамыр күні Абай көшесінде болған.
Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші мас күйінде ұсталды.
"Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті. Қазір олардың өміріне қауіп жоқ", – деп хабарлады полиция.
Оқиға бойынша материалдар сотқа жолданды. Іс облыстық полиция басшылығының бақылауында.