«Тілімді алады»: Досымжан Таңатаров не үшін 30 жылдан бері әйелін жасырып жүргенін айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
26.05.2025, 17:31
1976
«Тілімді алады»: Досымжан Таңатаров не үшін 30 жылдан бері әйелін жасырып жүргенін айтты (ВИДЕО) жеке мұрағаттан

Әйелімді қатты қызғанамын дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 50 жасқа толуына орай Астанада үлкен концерт өткізген белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров журналист Әйгерім Сейфолланың бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында журналист әншінің концерті ерекше өткенін, күтпеген сәттермен есте қалғанын атап өтті. Солардың бірі – Досымжанның сахнада отырған көрермендердің алдында жұбайына гүл табыстауы. Осыған байланысты жүргізуші әншіден әйелін көпшілікке сирек көрсететін себебін сұрады.

Досымжанның айтуынша, жұбайы көпшілікке шығуға құмар емес. Телебағдарламалар мен журналистер екеуін бірге сұхбатқа жиі шақырғанымен, әнші жұбайының көзге көрінгісі келмейтінін айтып, өзінің де қызғанатынын жасырмады:

«Кейде “әйеліңмен сұхбатқа келші” деп жатады. Әрине, апарар едім. Бірақ қызғанам. Ол да өзі қаламайды. “Елдің көзі, елдің сөзі бар” дейді. Не барын маған беріп қойған, эфирге ұмтылмайды», – деді ол.

Таңатаров пен жұбайы 28 жыл бұрын үйленген. Журналист әзілмен «әйеліңізді көргенімізге 28 жыл болыпты»десе, әнші оған күле жауап беріп, жетістіктерінің көбі – жарының арқасы екенін айтты:

«Мен ерекше ештеңе жасап жүрген жоқпын. Бұрынғы аталарымыз қалай өмір сүрсе, мен де солай. Ер адамның тыныштығы – ошақ қасындағы әйелдің арқасы. Сол секілді әйелдің де бақытты болуы – еріне байланысты. Бұл – бір-бірімен тығыз байланысты өмір», – деді әнші.

Қырғызстан вице-министрі автобустың үстінде билеп, TikTok жұлдызына айналды (ВИДЕО) Қазақстанда педофилдерді түрмеден шығар алдында кастрациялауы мүмкін Ресейлік жұлдыздар Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертіне келген «Суицид болуы мүмкін»: Атырауда жоғалған жігіт өлі күйінде табылды «Томирис» фильмінің жұлдызы шетелге кетті Путин гипердыбыстық зымыранын Беларусьқа орналастырамын деп Украина мен Еуропаға қоқан-лоқы жасады Павлодарда терезеден лақтырған балалардың бірі көз жұмды 2 тамыздағы ауа райы: найзағай, бұршақ, дауыл және төтенше өрт қаупі күтіледі «Lexus RX 350 бұйырыпты»: Желіде 3 минуттық макияж жасап танылған блогер Айшолпан өзіне көлік сатып алды «Жеті айдан кейін үйленіп кетті»: танымал блогер Сабина бұрынғы күйеуіне қатысты ашық мәлімдеме жасады «Дұға жасап қойыңыздар»: Ердос Қанаев жол апатына түскен Нұрсұлтан ұстаздың жағдайына қатысты пікір білдірді Астанада жасөспірімдер жүріп бара жатқан автобусқа асылып алған (ВИДЕО) Ұлттық банк теңгені құтқару үшін 125 миллион доллар жұмсады Шымкентте 17 адам балмұздақтан уланып қалған Ердоған: Палестинаның тәуелсіздігін мойындауды қос қолдап қолдаймыз Димаш Құдайбергеннің қарындасы тұрмысқа шықты: қос әулет құдалық өткізіп, батасын берді (ВИДЕО) Мирас Жүгінісов басы дауға қалған ағасы үшін халықтан кешірім сұрады Семейде қызды түн ішінде көлікке күштеп отырғызған ер адам жазаланды (ВИДЕО) Жасырын діни мектептер әшкере болды: балаларды сабап, ата-аналардан ақша алған Сара Назарбаева үш айға жуық уақыт бойы ауруханада ем қабылдап жатыр