919

Шымкенттік ер адам зообақта түйеқұсты бір тепті

Полиция бұзақыны іздестіріп жатыр.

Шымкенттік ер адам зообақта түйеқұсты бір тепті
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттегі зообақта жануарларға қатыгездікпен қараудың сорақы оқиғасы тіркелді. Оқиға 25 мамыр күні кешкі сағат 18:00 шамасында болған.

Зообақ әкімшілігінің мәліметінше, келушілердің бірі қоршаудан асып өтіп, түйеқұсты аяғымен теуіп, басқа жануарларды әдейі қорқытқан.

«Бұл – жабайылық. Жануарлар – ойыншық емес. Олар да ауырсынуды, қорқынышты, күйзелісті сезінеді. Егер сенде жануарларға деген жанашырлық болмаса – жолама! Кедергі жасама, зиян келтірме», – деді зообақ қызметкерлері.

Оқиғаның видеосын басқа келуші түсіріп алған. Желіде тараған бұл кадрлар жұрттың ашуын туғызды.

Зообақ ұжымы қаскөйді таныған адамдардан көмек сұрады:

«Егер бұл адамның кім екенін білсеңіздер, бізге хабарласыңыздар. Қажет болса, құқық қорғау органдарына жүгінеміз. Жануарға деген құрмет – адамгершіліктің белгісі», – делінген мәлімдемеде.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор