SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Германия канцлері Фридрих Мерц Израильдің Газа секторындағы әскери операцияларына қатысты алаңдаушылық білдіріп, Тель-Авивтің әрекеттерін ашық сынға алды.
"Израиль үкіметі өздерінің ең жақын достары қабылдай алмайтын әрекеттерге бармауы керек", – деді ол Берлиндегі Europaforum шарасында сөйлеген сөзінде.
Мерцтің айтуынша, соңғы күндері Газа секторында бейбіт тұрғындардың шектен тыс зардап шегуі терроризммен күрес деген желеумен ақталуға келмейді. Ол Израиль армиясының нақты мақсаты не екенін түсінбейтінін де ашық айтты.
Сонымен қатар канцлер Германияның Израильге қатысты сын айтуда тарихи жауапкершілікке байланысты сәл сдержан болатынын жеткізді. Алайда, "халықаралық гуманитарлық құқық бұзылғанда үнсіз қалуға болмайды", деді ол.
Айта кетейік, Израиль 7 қазандағы ХАМАС шабуылынан кейін Газа секторында әскери қимылдарын бастады. 18 мамырда екі айлық бітімнен соң соғыс қимылдары қайта жанданды. Соңғы апталарда гуманитарлық көмек жеткізуге қойылған шектеулер мен бейбіт халықтың қиын жағдайы әлемдік қауымдастық тарапынан жиі сынға алынып отыр.