«Ақиқат үшін жұмыс істедім»: Шерзаттың адвокаты соттан шеттетілгенін айтты (ВИДЕО)

27.05.2025, 11:33
616
«Ақиқат үшін жұмыс істедім»: Шерзаттың адвокаты соттан шеттетілгенін айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Бұған дейін де Шерзаттың отбасын қорғаушы екі адвокат істен шеттетілген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Полат ісі бойынша адвокат Бағдат Амандосұлы істен шеттетілгенін ашық мәлімдеді.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты резонансты сот процесінде адвокаттар арасында келіспеушілік туындап, істен тағы бір қорғаушы шеттетілді. Бұл жолы даулы шешімнің астарынан жеке амбициялар мен ықпал күресі байқалады.

Шерзаттың отбасы атынан сотқа қатысып жүрген адвокат Бағдат Амандосұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында күтпеген жерден істен шеттетілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, нақты себеп көрсетілмей, өз еркінен тыс процесс сыртына шығарылған.

"Мен бұл іске үлкен жауапкершілікпен кірістім. Сот – цирк емес, бұл жерде адамның тағдыры шешіледі. Біреудің имиджі үшін емес, ақиқат үшін жұмыс істедім. Алайда біреулердің атақ пен танымалдыққа ұмтылысы мені шетке ысыруына себеп болды", – деп жазды ол.

Адвокаттың айтуынша, қорғаушылар арасында шектеу қойылған ішкі ережелер мен билікке ұмтылыс байқалған.

"Сотта тек бір адам ғана сөйлейді, тек сол ғана халықтың алдына шығады, қарсы шыққандар – істен кетеді. Қалғандары – жалдамалы деген сыңайдағы сөздер айтылды. Бұл кәсіби қорғаушылар командасына тән емес жағдай", – дейді ол.

Амандосұлы өзінің жұмысы мен сұрақтарын өзгенің атынан иемдену, кәсібилікті емес, эго мен монополияны алға тарту белең алғанын айтып, сот процесін хайп құралына айналдырмауға шақырды.

"Мен шындық үшін келдім, бірақ бұл істің көлеңкесінде қалғым келмейді. Бұл – қанмен боялған трагедия, пиар алаңы емес", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы іс бойынша Жандос Палманов пен Нұрболат Ибраев та түрлі себептермен шеттетілген болатын. Осылайша, Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу барысы айналасындағы адамдар арасындағы тартыстармен де қыза түскен.

Желі қолданушылары Бағдат Амандосұлын істен кім шеттеткені белгісіз болғанымен, бұл жағдайды қорғаушылар тобына кейіннен қосылған Мейірман Шекеевпен байланыстырып отыр.

Еске салсақ, сот басталар алдында марқұмның отбасы Айтбек Амангелді бастаған бастапқы адвокаттар тобынан бас тартып, жаңа заңгерлермен жұмыс істейтінін мәлімдеген еді.

«Ол саған малай емес»: Ерке Есмахан үйін тазалатамын деп басы бәлеге қалды Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді «Жасым келді ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жылдан бері атақ алмай жүргеніне ренжіді Бизнес үйретемін деп жұртты алдаған ақтаулық коучқа үкім шықты Жалғызбасты ана өзін бірнеше ер адам ұрлап әкетіп, мәжбүрлеп жындыханаға жатқызғанын айтты (ВИДЕО) «Мейрамхана, лимузин, от-шашу»: Ақтаудағы балабақша түлектерінің бітіру кеші жұрт талқысына түсті (ВИДЕО) Қарағандылық әке 16 жастағы қызын бір топ еркек зорлап кеткенін айтты «Елден шығуға болмайды деп айтпады»: Ақнәрдің өліміне күдікті қыз сұхбат берді (ВИДЕО) Астанада жасөспірімнен ақша бопсалаған төрт адам 10 жылға сотталды «Мені кемсітті»: Соңғы қоңырауда жас түлек мектеп директоры туралы шындықты айтып кетті Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне 100 баспана сыйлады «Ақиқат үшін жұмыс істедім»: Шерзаттың адвокаты соттан шеттетілгенін айтты (ВИДЕО) Германия канцлері Фридрих Мерц Израильді сынға алды Атыраулық келіншек сырғасын шешуге құтқарушыларды шақырған Енді ChatGPT де Қазақстанға қосымша құн салығын төлейді Макрон әйелінің әрекеті туралы түсіндірді (ВИДЕО) Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды Шымкенттік ер адам зообақта түйеқұсты бір тепті «Тілімді алады»: Досымжан Таңатаров не үшін 30 жылдан бері әйелін жасырып жүргенін айтты (ВИДЕО)