Астанада жасөспірімнен ақша бопсалаған төрт адам 10 жылға сотталды

Аиса Махамбет Редактор
27.05.2025, 14:15
1267
Астанада жасөспірімнен ақша бопсалаған төрт адам 10 жылға сотталды Жансерік Күзембай/Malim.kz

Олар кәмелетке толмаған баладан 20 миллион теңге бопсалаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада кәмелетке толмаған баладан 20 миллион теңге бопсалаған қылмыстық топтың төрт мүшесі 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді.

Тергеу дерегінше, сотталғандар жәбірленушінің шетелде оқуға дайындалып жатқанын, отбасында қаражат барын біліп, өзара сөз байласқан. Жасөспірімге қысым көрсетіп, тіпті қару көрсеткен. Соның нәтижесінде 4 миллион теңге алып үлгерген.

Кейін олар тағы 100 мың теңге талап еткен сәтінде ұсталды. Қалған екі күдікті де жедел іздестіру барысында қолға түскен.

Сот үкімімен барлығы Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша (қорқытып алу) кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, қосымша 2 миллион теңге моральдық өтемақы өндірілді.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасы қорқытып алу әрекеті үшін 15 жылға дейінгі жаза қарастырады. Мұндай қылмыс үшін кей жағдайларда 14 жастан бастап жауапкершілік тағайындалады. Ал бұл жасқа толмағандар заң бойынша ата-анасының немесе қамқоршысының жауапкершілігіне жатады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды