«Елден шығуға болмайды деп айтпады»: Ақнәрдің өліміне күдікті қыз сұхбат берді (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
27.05.2025, 14:49
1180
«Елден шығуға болмайды деп айтпады»: Ақнәрдің өліміне күдікті қыз сұхбат берді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Күдікті қыздар – Ақнәрдің жатақханада бірге тұрған құрбылары боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жетінші қабаттан құлап көз жұмған Ақнәр Хамитованың өліміне қатысты іс бойынша оның жанында болған құрбысы оқиғаның өз нұсқасын айтып берді. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбайдың YouTube арнасына айтып берді.

Дидар есімді бойжеткен марқұм Ақнәрмен төрт жыл таныс екенін, жатақханада бірге тұрғанын айтты. Ол оқиға орын алған жалдамалы пәтердің иесі. Оның сөзінше, 2024 жылдың 19 шілдесі күні Ақнәр мен тағы бір қыз — Рана, Дидардың пәтеріне қонаққа келген. Олар тамақтанып, сыра ішіп, би билеген. Дидар Ақнәрдің де сыра ішкенін растады, алайда сараптама марқұмның қанында алкоголь анықтамаған.

Дидардың айтуынша, Ақнәр түн ортасында өзін-өзі ұрып, жылай бастаған. Теледидарды сындырып, қарызы көп екенін айтқан. Артынша Ранамен жанжал шығып, Ақнәр оның анасын балағаттаған. Дидар қыздарды ажыратуға тырысқанын, ешкімді қинамағандарын мәлімдеді.

Дидар оқиға орнында түсірілген бірнеше видеоны көрсетіп, оларда Ақнәрдің өз-өзін ұрып, айқайлап жатқан сәттері барын айтты. Бірақ видеоларда зорлық әрекеті анық байқалмаған. Сондай-ақ, пәтерден табылған тәпішкедегі қызыл дақ “дарбыздан қалған” деп түсіндірді.

Ақнәрдің құлаған сәтін ешкім нақты көрмеген. Дидар ол кезде дәретханада болғанын, ал Рана екінші дәретханаға тығылып кіріп кеткенін айтады. Қыз қайтыс болғанда үй тыныш болған. Дидардың айтуынша, Ақнәр бұрында да өзіне қол жұмсамақ болған.

Оқиғадан соң Дидар жедел жәрдемге хабарласып, Ақнәрдің әпкесіне видео жіберген. Кейін полиция келіп, қыздарды тергеген. Осыдан соң Дидар бірнеше айға шетелге кеткен. Оның айтуынша, ешқандай шектеу болмаған.

Бұған дейін Дидар Ақнәрдің 13 сәуір күні де өз үйіне келіп, сыра ішкенін, жылағанын және “секіргісі келгенін” айтқанын жеткізді. Бұл туралы да Ақнәрдің әпкесіне хабарлаған. Ал университет әкімшілігі Ақнәрдің тәртібі жақсы болғанын, бұрын ешқандай тәртіп бұзушылық жасамағанын ресми түрде растаған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді