«Мейрамхана, лимузин, от-шашу»: Ақтаудағы балабақша түлектерінің бітіру кеші жұрт талқысына түсті (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
27.05.2025, 16:12
270
«Мейрамхана, лимузин, от-шашу»: Ақтаудағы балабақша түлектерінің бітіру кеші жұрт талқысына түсті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Ата-аналардан ақша жиналған жоқ дейді қалалық білім бөліміндегілер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудағы жеке меншік балабақшалардың бірінде өткен салтанатты түлектер кеші әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Желіде тараған видеода алты жастағы балаларды Hummer лимузинімен мейрамханаға алып келгені көрсетілген. Бұл – балабақшамен қоштасу кеші.

Мерекелік шараға қатысқан балалар смокинг пен кешкі көйлек киіп келген. Әрқайсысына жеке сыйлық жиынтығы дайындалған. Кеш барысында тірі музыка ойнап, шоу элементтері мен түтін машиналары қосылған би ұйымдастырылған.

Кештің соңында балаларға арнайы дайындалған мантиялар табысталып, әсерлі от-шашу шоуымен қоштасу рәсімі өтті.

Алайда мұндай салтанат желі қолданушыларын екіге бөлді. Бірі – бұл шараны шектен тыс дарақылық пен ысырап деп бағаласа, екінші тарап – ата-аналардың балаларына қуаныш сыйлауға толық құқығы бар деп есептейді.

Ал Ақтау қалалық білім бөлімі бұл балабақша 2024 жылы ашылған «Alem Kids» жеке меншік мекемесі екенін мәлімдеді.

«Биыл бұл балабақшаны 24 бала тәмамдады. Шара “Шахназ” мейрамханасында өтті. Іс-шараны толықтай балабақша өзі қаржыландырды. Бұған мейрамхана жалдау, балалардың киімі, көлік пен басқа да шығындар кіреді. Ата-аналардан ақша жиналмаған», – деді қалалық білім бөліміндегілер.

 

«Ол саған малай емес»: Ерке Есмахан үйін тазалатамын деп басы бәлеге қалды Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді «Жасым келді ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жылдан бері атақ алмай жүргеніне ренжіді Бизнес үйретемін деп жұртты алдаған ақтаулық коучқа үкім шықты Жалғызбасты ана өзін бірнеше ер адам ұрлап әкетіп, мәжбүрлеп жындыханаға жатқызғанын айтты (ВИДЕО) «Мейрамхана, лимузин, от-шашу»: Ақтаудағы балабақша түлектерінің бітіру кеші жұрт талқысына түсті (ВИДЕО) Қарағандылық әке 16 жастағы қызын бір топ еркек зорлап кеткенін айтты «Елден шығуға болмайды деп айтпады»: Ақнәрдің өліміне күдікті қыз сұхбат берді (ВИДЕО) Астанада жасөспірімнен ақша бопсалаған төрт адам 10 жылға сотталды «Мені кемсітті»: Соңғы қоңырауда жас түлек мектеп директоры туралы шындықты айтып кетті Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне 100 баспана сыйлады «Ақиқат үшін жұмыс істедім»: Шерзаттың адвокаты соттан шеттетілгенін айтты (ВИДЕО) Германия канцлері Фридрих Мерц Израильді сынға алды Атыраулық келіншек сырғасын шешуге құтқарушыларды шақырған Енді ChatGPT де Қазақстанға қосымша құн салығын төлейді Макрон әйелінің әрекеті туралы түсіндірді (ВИДЕО) Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды Шымкенттік ер адам зообақта түйеқұсты бір тепті «Тілімді алады»: Досымжан Таңатаров не үшін 30 жылдан бері әйелін жасырып жүргенін айтты (ВИДЕО)