Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді

27.05.2025, 18:32
2011
Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді

Футбол клубы Шымкенттегі ерекше балаларға арналған шеберлік сабағын ұйымдастырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша2025 жылғы 27 мамырда Шымкент қаласында «UNI Football League» инклюзивті футбол секциясының қатысушыларына арналған шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын «Ордабасы» футбол клубының мүшелері өткізді.

Дәл бір жыл бұрын Шымкент қаласында аутизм, Даун синдромы және басқадаму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзивті футбол секциясы ашылған болатын. Бұл секция республикалық «UNI Football League» жобасы аясындажұмыс істейді. Қазіргі таңда секцияда 10-17 жас аралығындағы аутизм, аутизм секторының бұзылысы, Даун синдромы және ДЦП диагнозы қойылған 10 жасөспірім жаттығады.

Қазақстанда «UNI Football League» жобасы аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол жобасы ретінде екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жоба арнайы оқу регламентіне негізделген, қатысушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, ойын үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді және 10-18 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған. Жобаның мақсатыбалалар мен жасөспірімдерге сапалы спорттық бағдарламаға қолжетімділікті қамтамасыз ету және футбол арқылы олардың әлеуметтік бейімделуін қолдау.

Жобаның ұйымдастырушылары: «Болашақ» корпоративтік қоры және Қазақстан футбол федерациясы. Жобаның бас демеушісі – «Freedom HoldingCorpкомпаниясы арқылы «Freedom Шапағат» қайырымдылық қоры.

Жоба 2023 жылдың қараша айында Астанада «Болашақ» қорының Қысқы қайырымдылық балының қаражаты есебінен басталды. Жалпы жобаға Қазақстанның 9 қаласынан 111 бала қатысады: Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен.

Жобаның міндеттері: балалардың өзара әрекеттесуіне, жаңа достар табуына және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға жағдай жасау арқылы олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету; физикалық даму және үйлестіру дағдыларын жетілдіру; ерекше балаларға белсенді және мазмұнды қоғамдық өмірге қатысуға көмектесу, оларды әлеуметтік және спорттық іс-шараларға тарту. Әр ай сайын «Болашақ» қорының мінез-құлық сарапшылары жаттықтырушылармен кездесулер өткізіп, жобаның тиімділігін қадағалайды: балалардың оқу прогресі, жаттығулар сапасын жетілдіру және т.б.

Жобаға білікті жаттықтырушылар тобы қосылдыәр қалада инклюзивті білімберу курстарынан өткен, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс тәжірибесі бар UEFA B, C, D санатындағы жаттықтырушылар жұмыс істейді. Шымкент қаласындағы секцияның жаттықтырушысыЕрсултан Давлетьяров ерекшебалаларға футбол үйрету бойынша арнайы курстардан өткен және Шымкент қаласындағы жеке түзету орталығында бейімделген дене шынықтыру жаттықтырушысы болып табылады.

Шеберлік сабағына «Болашақ» қорының өкілдері, кәсіби «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары, Шымкент қаласындағы «Freedom Bank» өкілдері, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Қонақтар жас футболшыларға сыйлықтар мен естелік бұйымдар тарту етті, ал футбол клубыныңөкілдері балалар мен олардың ата-аналарына клубтың барлық матчтарына қатысуға маусымдық абонементтер сыйлады. «Ордабасы» футбол клубы — Қазақстанның жетекші клубтарының бірі. ОлҚазақстан чемпионы (2023), Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері (2011, 2022), Қазақстан Супер кубогының иегері (2012). Клуб құрамынан шараға қатысқан ойыншылар: шабуылшы Лука Имнадзе (Грузия), сондай-ақ жергілікті футбол мектебінің тәрбиеленушілері – «Ордабасы» ФК қорғаушысы, Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен Сағадат Тұрсынбай және қақпашы Айдос Кемаладин.

«UNI Football League» жобасы еліміздегі инклюзивті футболдың дамуы үшін маңызды қадам болып табылады. Жоба ерекше балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың қоғамдағы қабылдануына оң әсерінтигізіп, белсенді әлеуметтік өмірге интеграциялануына ықпал етеді. Жобаны қолдағаны үшін Қазақстан футбол федерациясына және «Freedom» компаниясына алғысымызды білдіреміз. «Ордабасы» футбол клубы сияқты кәсіби футбол қауымдастығының осы жобаны қолдап, жасерекше спортшыларды тәрбиелеуі біз үшін қуаныш. Өйткені, ерекше балалар үшін футбол – тек спорт қана емес, өзін-өзі көрсету, өз жолынтабу, әлеуетін ашу және өзіне сену мүмкіндігі», – деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

«Біз еліміздегі спорттың дамуына үлкен көңіл бөлеміз, оның ішінде футболды қолдауең халықтық спорт түрін қолдау. Спортты қолдау – «Freedom» тобының жауапты инвестициялау және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын Қазақстанда жүзеге асыруға қосқан үлесі. 2023 жылдың наурыз айында «Freedom Holding Corpкомпаниясы жастар футбол лигасы QJ League-тің бас серіктесі және спонсоры болды. «UNI FootballLeague» инклюзивті футбол лигасын қолдаукомпаниямыздың балалар спортына қолдау көрсету жөніндегі жұмысымыздың логикалық жалғасы. Біз жобаның аутизм және Даун синдромы бар балалардың әлеуметтік бейімделуіне және спортты сүюіне көмектесетініне сенімдіміз», – деді Шымкент қаласындағы «Freedom Bank Kazakhstan» АҚ филиалының директоры Рысбек Рахметов.

«Біз секцияға ашылған күннен бастап қатысып келеміз, бір жыл болды. Ұлым футболды қатты жақсы көреді, ол қуана-қуана барады. Жеке өзіме жаттықтырушының балаларымызға деген қарым-қатынасы өте ұнайды. Әрине, ұлым осы бір жыл ішінде көп өзгерді: доп тебуді, командада ойнауды үйренді. Біздің балалар үшін әрбір, тіпті ең қарапайым қимылдың өзі үлкен еңбекті талап етеді, сондықтан әр жаңа үйренгендағды біз, ата-аналар үшін, зор қуаныш. Мен көптеген күрделі балаларды көрдім, бірақ біздің жаттықтырушымыз өзінің кәсібилігі мен сабырлылығының арқасында әр балаға жеке тәсіл таба біледі. Мен осы жобаны жасаушыларға шексіз алғысымды білдіремін», – деді Даун синдромы бар 12 жастағы Даниал Смаилдың анасы Динара Төлегенова.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды