Алматыда самокат мінген қыз 55 жастағы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

28.05.2025, 09:45
657
Алматыда самокат мінген қыз 55 жастағы әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен sxodim.com

Қызды полиция іздестіріп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда тағы бір самокат жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қала тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 2025 жылдың 26 мамырында Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында болған. Ақпарат алғаш болып әлеуметтік желілерде жарияланды.

Мән-жайды білу үшін қалалық Полиция департаментіне хабарластық.

«Әуезов аудандық полиция басқармасына самокаттың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз қыз самокатпен жүріп, 55 жастағы әйелді қағып кеткен. Жарақат алған әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан соң самокатшы қыз оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған дерек бойынша тергеу басталды», – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Қазіргі уақытта полицейлер самокат жүргізушісінің жеке басын анықтап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Жедел-іздестіру шаралары қолға алынған.

«Оқиға орнынан қашып кету – самокат болсын, автокөлік болсын – заң бұзушылық. Мұндай әрекет заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады. Жауапкершіліктен жалтармау – басты қағидат. Тексеру нәтижесінде күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әйел №7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген.

«Алғашқы тексеру кезінде рентген, УДЗ, жарақатты жансыздандыру және блокада сияқты диагностикалық шаралар жасалды. Диагноз: оң қолдың білек және шынтақ сүйектерінің шиловидті өсіндісінің жабық, көп бөлікті сынуы. Сүйек сынуы жабық әдіспен қалпына келтіріліп, гипс салынды», – делінген басқарма хабарламасында.

Жедел ауруханаға жатқызуға қажеттілік болмағандықтан, әйел тұрғылықты жері бойынша емханада хирург пен травматологтың бақылауына жіберілген.

Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді Адвокаттар Қаржаубай Нұрымовқа 120 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді сұрады «Атпен сүйреп, атып тастады»: Ер адам әйелін сыныптастарымен кездескені үшін өлтіріп тастады Нұрлан Еспанов келін түсірді (ВИДЕО) Ақтөбеде көпбалалы ана 2 айлық сәбиінің өліміне кінәлі боп шықты 299 баланы наркоз арқылы зорлаған хирург 20 жылға сотталды Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылқындырып өлтірген АҚШ соты Трамп енгізген кедендік баждардың көпшілігін заңсыз деп таныды Жәбірленуші тарап куәгер қыздардан қайта жауап алуды сұрады Қарағандыда асырап алған ата-анасынан қорлық көрген балалар сотқа куәлік берді Өскемен тұрғынына қарға шабуыл жасады Жоғарғы сот адвокаттың судьяға қарсы шағымын негізсіз деп таныды Павлодарлық студент Google компаниясынан арнайы шақырту алды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Боди-массаж салоны арқылы байыған әйелдің 1,5 млрд теңге мүлкі тәркіленді Астанада LRT өртеніп жатыр (ВИДЕО) Абзал Шынасылдың адвокаты судьяның үстінен шағым түсірді