Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мыңға жуық білім гранттарына ие болды

28.05.2025, 10:01
804
Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мыңға жуық білім гранттарына ие болды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері үшін маңызды оқиға өтті. Республикалық «Срочник 2.0» байқауының нәтижесі бойынша мерзімді қызметтегі сарбаздарға білім гранттары салтанатты түрде табысталды.

Гранттарды Ішкі істер министрінің орынбасарыҰлттық ұланныңБас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жеке өзі табыстады. 

— Республика бойынша 910 ұландық, соның ішінде елордалықбригададан 114 сарбаз Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білімалуға мүмкіндік беретін сертификаттарға лайықты түрде ие болды. Бұлжай ғана көтермелеу емес, бұлқызмет барысында көрсеткен табандылықтарыңыздың, тәртіпке берік болуларыңыздың, білімге дегенқұштарлықтарыңыз бен қол жеткізген жоғары нәтижелеріңіздің жемісі. Мемлекет әскер мектебінен абыроймен өткен жастарға  сенім артып отыр. Бұл сенімді ақтап, сапалы білім алып, ел дамуына өз үлестеріңізді қосып, келер ұрпаққа  үлгі бола алатындарыңызға күмәнім жоқ, — деді А. Балтабеков.

Қарулы күштер мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бұлбастама 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Келісімдерге сәйкес, мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтарға мемлекеттік білім беру гранттары қарастырылған.

Мемлекет есебінен оқумен қатар, жастарға шәкіртақы, тегін жатақханажәне әскери кафедраға конкурстан тыс қабылдану мүмкіндігі беріледі.

«Срочник 2.0» жобасыәлеуметтік белсенді әрі жауапты әскериқызметшілерді қолдауға бағытталған алғашқы бірегей байқау болды.

Еліміздің барлық өңірінен 5,5 мыңнан астам құқықтық тәртіп әскері сарбаздары байқауға қатысуға өтініш білдірді. Жеңімпаздар жауынгерлік даярлығы, тәртібі мен арнайы тапсырмаларды орындауы бойынша үздік нәтижелер көрсеткендер арасынан анықталды. Осы бағалар негізінде гранттардың бөлінуіне әсер ететін рейтинг қалыптасады.

Әскердегі қызметбұл өмір мектебі. Әскерге шақырылғанға дейін Нархоз университетіне түсуді армандадым, бірақ көздегенім орындала ма, жоқ па білмедім. Құқықтық тәртіп бригадасында маған үздік қызмет еткен сарбаздардың тегін оқуға грант ұтып алу мүмкіндігі бар екенін айтты. Қызметтегі және оқудағы жетістіктерімнің арқасында осы грантты иелендім. Енді білімімді жалғастырып, ел игілігі үшін еңбек етемін, — деп бөлісті 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Даниял Қабдолла.

Айта кету керек, Қазақстанның 70-тен астам жоғары оқу орны байқаужеңімпаздарын оқуға қабылдау туралы меморандумға қол қойған.

Білім гранттарын табыстауәскери қызметтің беделін арттырып, жастар үшін шынайы жеке және кәсіби өсу мүмкіндіктерін ашатын маңызды ынталандыру шарасы болды.  

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды