Жолаушы жол үстінде ұшақта көз жұмды

28.05.2025, 10:30
831
Жолаушы жол үстінде ұшақта көз жұмды baku.ws

Ресейлік ұшақ Ақтөбеге кеп шұғыл қонған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе халықаралық әуежайына Ресейдің Nordwind Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 2025 жылдың 27 мамырында сағат 12:40-та болған. Екатеринбург – Сочи бағыты бойынша ұшып бара жатқан Boeing-777 әуе кемесі борттағы жолаушының жағдайы күрт нашарлауына байланысты Ақтөбеге мәжбүрлі түрде қонған.

Әуежайға қонған сәтте жедел жәрдем мен шұғыл әрекет ету қызметтері дереу ұшаққа жіберілген. Алайда барлық медициналық шараларға қарамастан, 1983 жылы туған әйел жолаушы өмірін сақтап қалу мүмкін болмады – ол ұшақ жерге қонғанға дейін көз жұмған.

Ақтөбе халықаралық әуежайы марқұмның отбасына көңіл айтып, қайғыға ортақтасатынын білдірді.

«Біз ұшақ экипажына және жердегі қызмет мамандарына кәсіби жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз», – делінген ресми хабарламада.

Қазір аталған оқиға бойынша тиісті органдармен бірлескен іс-қимыл мен тексеріс жүргізіліп жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды