SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Шалқар аудандық ауруханасында 35 жастағы Айым С. есімді әйел он екінші баласын – ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы Диапазон жазды.
Сәбиге Мұхаммед-Әли есімі берілген. Жанұядағы жаңа мүшенің салмағы — 3400 грамм, бойы — 55 сантиметр.
Бұл Айымның 11-ші жүктілігі және 12-ші босануы, өйткені бұған дейін бір рет егіз босанған. Неонатолог Жанна Досованың айтуынша, босану еш қиындықсыз өткен.
Ана мен бала Шалқар аудандық емханасында дәрігерлердің бақылауында болды. 27 мамыр күні екеуі үйлеріне шығарылды. Дәрігерлер нәрестенің де, ананың да жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған – ешқандай шағым болмаған.
1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында аурухана ұжымы сәбиге арнайы сыйлықтар табыстады.