«Бөксесі шаншыла-кесілген»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақаттары бойынша сараптама жарияланды
Марқұм Нұрғанаттың алған жарақаттарына сараптама жасалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы өтті.
Сот процесі барысында сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетов марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақаттары туралы түсініктеме берді.
Сарапшының айтуынша, сырттай тексеру кезінде Ғайыпбаевтың сол жақ көз қабағында 3 және 1,5 см көлемінде қанталау, оң құлағында ұқсас жарақаттар, сондай-ақ желке мен жамбас тұсында зақымдар анықталған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша Ғайыпбаевта:
-
жабық бас-ми жарақаты,
-
ми шайқалуы,
-
желке мен кеуде тұсының жарақаты,
-
оң бөксесінде шаншыла-кесілген бірнеше жара,
-
бет, маңдай, шынтақ пен тізедегі көгерулер тіркелген.
Сараптама барысында жанбасынан үш шаншыла-кесілген жарақат табылған. Ірі қан тамырлары зақымданбағандықтан, бұл жаралар жеңіл дене жарақаты ретінде бағаланған.
“Жаралардың өлшемі – 1,0x0,1 см, 0,8x0,1 см және 1,2x0,1 см. Барлығы медициналық жолмен өңделген. Мен тексеруді оқиғадан жеті күн өткен соң жүргіздім, сол себепті олардың нақты тереңдігін анықтау мүмкін болмады,” – деді сарапшы.
Оның айтуынша, жаралар шамамен 0,5–1 см тереңдікте болуы мүмкін. Барлық зақым қысқа уақыт ішінде, бір затпен салынған деген қорытынды жасалды.
Материал авторы