«Қайтыс болғандар бар»: Қытайдағы химия зауытында жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

28.05.2025, 12:53
1139
«Қайтыс болғандар бар»: Қытайдағы химия зауытында жойқын жарылыс болды (ВИДЕО) Anonymous/AP

Зауыттың жарылыс себебі әлі белгісіз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаҚытайда химия зауытындағы жарылыстан бес адам қаза тапты, алтауы із-түзсіз жоғалған.

Шығыс Қытайдағы Шаньдун провинциясында орналасқан химиялық зауытта болған жойқын жарылыс салдарынан кемінде бес адам көз жұмды, тағы 19 адам жараланған. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасы хабарлады.

Оқиға 20 мамыр күні түсте, Вэйфан қаласының өнеркәсіптік ауданында тіркелген. Жарылыстан кейін алты адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Жарылыс болған зауыт — пестицидтер мен медициналық химикаттар шығаратын Gaomi Youdao Chemical Co.компаниясына тиесілі. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда зауыт үстін қою түтін басқаны, ал South China Morning Post порталы жариялаған видеода бір жұмысшының жарылысқа бірнеше секунд қалғанда цистернадан секіріп үлгергені көрінеді. Алайда оның тірі қалған-қалмағаны әзірге белгісіз.

Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына 232 құтқарушы мен 55 техника жұмылдырылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыстың күші соншалық, зауыттан шамамен 3 шақырым жердегіқоймалардың терезелері шағылған.

Қазірге дейін жарылыстың нақты себебі анықталған жоқ, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды