Астаналық тұрғын өз көршісінің Iphone-ын ұрлап кеткен

28.05.2025, 14:30
796
Астаналық тұрғын өз көршісінің Iphone-ын ұрлап кеткен Jonas Leupe / Unsplash

Көршісін тонаған күдікті ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Елордада Сарыарқа аудандық криминалдық полициясы пәтер ұрлығына күдіктіні ұстады.

Оқиға Сарыарқа ауданында болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, 42 жастағы азамат — жәбірленушінің көршісі, пәтер есігінің жабылмағанын байқап, үй иесі ұйықтап жатқан сәтті пайдаланған. Ол ішке кіріп, iPhone 15 маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Жәбірленуші ұрлықты аңғарып, дереу полицияға хабарлаған. Криминалдық полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қысқа уақыт ішінде анықтап, қолға түсірді.

Күдікті кінәсін мойындап, ұрланған телефонды қайтарды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті қала тұрғындарын пәтерлерінің қауіпсіздігіне мұқият болуға және есіктерін әрдайым құлыптап жүруге шақырады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды