1605

Абзал Шынасылдың адвокаты судьяның үстінен шағым түсірді

Cудьяға қарсы шағым түсті.

Абзал Шынасылдың адвокаты судьяның үстінен шағым түсірді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін, 28 мамырда, Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді. Бұл туралы Жоғарғы соттың Telegram арнасы хабарлады.

Қорғаушы Ж. Әбеновтің шағымы Қылмыстық-процестік кодекстің 87-бабының 11-бөліміне сәйкес тіркелді. Аталған нормаға сай, істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сол соттың төрағасы немесе басқа судья қарауы тиіс.

Нәтижесінде шағымды осы істі қарап жатқан соттың судьясы А.А. Беймбетов қарайтын болды.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі сот процесінің жалғасу уақыты қосымша хабарланатынын мәлімдеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор