SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада LRT құрылысы жүріп жатқан аумақта өрт болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Оқиға Кабанбай батыр даңғылы бойында орын алған. Құтқарушылар келген сәтте шамамен 15 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары жанып жатқан.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қызыл жалын тез арада ауыздықталды», – деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.