Боди-массаж салоны арқылы байыған әйелдің 1,5 млрд теңге мүлкі тәркіленді

Азиз Қалижан Редактор
28.05.2025, 17:33
2515
Боди-массаж салоны арқылы байыған әйелдің 1,5 млрд теңге мүлкі тәркіленді freepik

Күніне әрқайсысы 3-4 клиент қабылдаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық әйел боди-массаж қызметі көрсеткен СПА-салон ашып, заңсыз табыс тапқаны үшін сотталып, 1,5 миллиард теңге көлеміндегі мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

Оның айтуынша, азаматша Бекшуиноваға жеңгетайлық жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал бастапқыда мемлекет пайдасына 114 миллион теңге тәркіленген.

«Қаржылық зерттеу барысында оның салонда 15 қызды жұмысқа тартып, күніне әрқайсысы 3-4 клиент қабылдағаны анықталды. Қызмет құны 30 мыңнан 150 мың теңгеге дейін жеткен. Екі жылда заңсыз табыс көлемі 2 миллиард теңгеден асуы мүмкін», – деді Елемесов.

Тексеру кезінде күдіктінің 1,5 миллиард теңгеге бағаланатын активтері — пәтерлер, коммерциялық нысандар мен люкс көліктері — анықталып, тәркіленген. Бұған қоса, ол қаражаттың бір бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып-өткізумен айналысатын бизнеске салып, пайда тапқан.

«Бұл — қылмыстық жолмен келген табысты анықтап, оны мемлекетке қайтарудың маңызын көрсететін айқын мысал», – деді агенттік өкілі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды