Министрлік 20 мың тонна пиязды экспортқа шығару үшін квота енгізбек

17.03.2023, 12:29
563
Министрлік 20 мың тонна пиязды экспортқа шығару үшін квота енгізбек smartnews.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі сәуір айында 20 мың тонна пиязды экспортқа шығару бойынша квота енгізуі мүмкін. «Ашық» НҚА порталында жарияланған ведомство басшысының бұйрығында осылай жазылған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«20 000 тонна пиязды Қазақстан аумағынан үшінші мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге 2023 жылғы 28 сәуірге дейінгі мерзімге сандық квота енгізілсін», - деп жазылған бұйрықта.

Бұл бұйрық заңды күшіне енген соң, өтініш берген әр экспорттаушыға 500 тонна лимит беріледі.

«Қазақстан аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады», - деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Құжат 29 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Еске салайық, 17 қаңтардан бастап Қазақстаннан пияз экспорттауға үш айға шектеу қойылған болатын.

Бірнеше күн бұрын бұл мәселеге қатысты пікір білдірген Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин пиязды елден шығаруға қойылған тыйымды алу бастамасы Үкіметтің күн тәртібінде көтерілмегенін мәлімдеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды