SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде қарғаның шабуылына ұшыраған қала тұрғыны №4 қалалық ауруханадағы травмпунктке жүгінуге мәжбүр болды. Бұл туралы YK-news.kz жазды.
Оқиға құстар жиі ұя салып, балапан басып отырған аудандардың бірінде орын алған. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта қарғалар балапан ұшыру кезеңінде өте агрессивті болып келеді және ұяларын қатты қорғайды.
«Ауруханаға басынан жеңіл жарақат алған қыз келді. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жара орны өңделіп, таңғыш салынды. Сондай-ақ, сақтық үшін құтыруға қарсы вакцина егілді», – деп хабарлады травмпункт өкілдері.
Мамандар осындай маусымдық жағдайда тұрғындарға абай болуды ескертеді.