Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңды енгізу қарастырылмады - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

17.03.2023, 13:24
584
Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңды енгізу қарастырылмады - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл smartnews.kz

Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңды енгізу қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ екенін білемін. Егер осындай бастама болса, онда өзіміз тиісті сараптама жасаймыз. Бізде мұндай жұмыстарды атқаруға қауқарлы штат жасақталған, олардың тиісті мамандықтар бойынша білімі бар. Бұған нақты баға беріп, міндетті түрде өз пікірімізді білдіреміз», - деді Артур Ластаев елордада тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол шетелден қаржы алатын тұлғалардың тізілімін жасау мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Қазіргі кезде мемлекеттік кірістер органдары бұл саясатты салық салу мақсатында жүзеге асырып отыр. Бізге осы уақытқа дейін фискалдық саясат аясында адам құқықтарына нұқсан келіп жатқаны туралы ешқандай шағым түскен жоқ», - деді А. Ластаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржы алатын тұлғалардың тізілімін жасауға қатысты түсініктеме берді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды