Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер

03.06.2025, 12:32
6014
Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер Yui Mok / Getty Images

Ұлыбритания премьер-министрі Путиннің Украинаға басқыншылығы бізге маңызды сабақ болды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания билігі жаңа әскери стратегияны жариялап, ел армиясын тұрақты соғысқа дайындық режиміне көшіруде. Бұл туралы премьер-министр Кир Стармер мәлімдеді.

Жаңа жоспарға сәйкес, Ұлыбритания 12 жаңа сүңгуір қайық пен 6 оқ-дәрі шығаратын зауыт салады. Сонымен қатар, алдағы жылдары елде мыңдаған ұзақ қашықтыққа ұшыратын қару шығарылып, әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелеріне инвестиция салынады.

"Біз Ұлыбританияда кемінде алты оқ-дәрі зауыты саламыз. Мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, Корольдік флотты дрондар, әскери кемелер мен ұшақтарды біріктірген гибридті күшкеайналдырамыз", – деді Стармер.

Ұлыбритания ядролық оқтұмсықтарды жаңартуға және жасанды интеллект пен киберқауіпсіздікке инвестиция құюға 15 миллиард фунт стерлинг (шамамен 18 млрд еуро) бөлуді жоспарлап отыр.

Премьер-министр Ресейді нағыз қауіп деп атап, ең тиімді қорғаныс – соғысқа әзір болу екенін айтты.

Қорғаныс министрі Джон Хили де:

"Путиннің Украинаға басқыншылығы бізге маңызды сабақ болды – әскери күш өнеркәсіп қуатымен өлшенеді. Біз ел ішіндегі қорғаныс өнеркәсібін күшейтіп, қарсыластарымызды сескендіреміз", – деді.

Ұлыбритания 2027 жылға қарай қорғанысқа жұмсалатын шығынды ЖІӨ-нің 2,5 пайызына дейін арттырмақ. Ал осы аптада Лондон НАТО аясында Украинаға әскери көмек көрсету мәселесін үйлестіру үшін өтетін отырысқа қатысады. Маусым соңында Гаагада өтетін НАТО саммитінде қорғанысқа кететін шығынды арттыру мәселесі талқыланбақ.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады