Бұл жолы дауыс санау процедурасы ұзаққа созылады – ОСК

17.03.2023, 19:45
649
Бұл жолы дауыс санау процедурасы ұзаққа созылады – ОСК smartnews.kz сайты

Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлаудан кейінгі дауыстарды санау процесі әдеттегіден ұзағырақ болмақ. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-де аяқталады. Дауыс беру рәсімі аяқталған соң, оларды санау басталады. Бұл жолы дауыстарды санау процедурасы әдеттегіден әлдеқайда ұзағырақ болмақ. Себебі бюллетеньдер саны әдеттегіден көп. Бірақ, заң бойынша дауыстарды санау 12 сағаттан аспауы тиіс», - деді Константин Петров ОСК-да өткен брифингіде.

Оның айтуынша, дауыстарды санау барлық сайлау учаскелерінде таңғы 8:00-де аяқталады.

«Содан соң сайлау учаскелері өздерінің қорытындылары туралы хаттамаларын тиісті аумақтық округтік комиссияларға жібереді. Біз 20 наурызда ол деректерді жариялаймыз. Дегенмен таңертеңгі сағат 10:00 немесе 11:00-де деп уәде бере алмаймыз», - дейді ол.

ОСК төрағасының орынбасары ұсынған мәліметке сәйкес, республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы және Шымкент) дауыс беру төрт бюллетень бойынша саналады. Оның екеуі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау және екеуі мәслихаттар бойынша. Ал 17 облыста дауыс беру бес сайлау бюллетені бойынша өтпек. Оның екеуі Мәжіліс бойынша, екеуі облыстық мәслихаттар бойынша және біреуі аудандық немесе қалалық бюллетеньдер.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты