703

2024-те қайтыс болған адамның 23-і донор болған

Министрлік донорларға қатысты деректерді жеткізді.

2024-те қайтыс болған адамның 23-і  донор болған
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылы Қазақстанда 250, оның 227-сі тірі донордан, ал 23-і қайтыс болғаннан кейінгі донордан ағзаны трансплантаттау жүргізілген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жазды.

2012 жылдан бастап статистика:

Трансплантаттау бағдарламасы басталғаннан бері 2012 жылдан бастап Қазақстанда донорлық ағзаларды трансплантаттау бойынша 2800 операция жүргізілді. Олардың ішінде:

* 2353 операция (84%) — тірі донордан
* 447 операция (16%) — қайтыс болғаннан кейінгі донордан

Қандай ағзалар трансплантатталды?

* Бүйрек — 2078 трансплантаттау
* Бауыр - 541 трансплантаттау
* Жүрек - 98 трансплантаттау
* Өкпе - 22 трансплантаттау
* Ұйқы безі-2 трансплантаттау
* Мөлдірқабық - 59 трансплантаттау

Трансплантаттауды күту:

Қазіргі уақытта Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4113 адам (95 бала) бар, оның 3672-сі бүйректі трансплантаттауды қажет етеді, 184 адам донорлық бауырды және 138 адам жүректі күтуде.

Ағзаларды трансплантаттау тек медициналық ем-шара ғана емес, бұл көптеген адамдар үшін жаңа өмірге мүмкіндік. Ағзаны трансплантаттаудың әрбір жағдайы жоғары дәрежелі медициналық жұмыс қана емес, сонымен қатар мейірімділік пен өзара көмек болып табылады.

Дәрігерлердің күш-жігері мен донорлардың дайындығының арқасында біз өмірді сақтап, болашаққа үміт береміз.

Егер Сіз донор болғыңыз келсе және мұқтаж адамдарға көмектескіңіз келсе — сіздің көмегіңіз біреудің өміріндегі шешуші қадам болуы мүмкін. Толық ақпарат пен консультацияларды тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелерден алуға болады.

 

Материал авторы