2025 жылға дейін 27 жаңа мектеп
Оқу-ағарту министрі: Оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін Батыс Қазақстан облысында 10 218 оқушы орнына арналған 27 мектептің құрылысы жоспарланды.
Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, биыл Білім инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен екі мектептің құрылысы қаржыландырылған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 16 200 оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарда бар.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында барлығы 5 мектеп ашылған болатын, тағы 12 мектепті осы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл өңірдегі 12 апатты жағдайдағы білім ошағының, сондай-ақ 11 мектептегі оқушы орындарының тапшылығын шешеді.
Ғани Бейсембаевпен кездесуге облыстың 12 ауданынан 200-ден астам педагог, ата-аналар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ білім беру жүйесінің қызметкерлері қатысты. Оқу-ағарту министрі тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді.
Автор: Елеусін Хадиша, Ислам Достов