Қазақстанның Қытайдағы Елшісі жұмыс сапарымен Шыңжаңға барды

18.03.2023, 13:34
730
Қазақстанның Қытайдағы Елшісі жұмыс сапарымен Шыңжаңға барды gov.kz

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Шынжаң-Ұйғыр автономия ауданына жұмыс сапарымен барып, ШҰАА партия комитетінің хатшысы, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Ма Синжуймен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды  smartnews.kz сайты елшілікке сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ШҰАА арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Ш.Нұрышев сұхбаттасушының назарын екіжақты тауар айналымының көлемін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігіне аударды.

photo

Осы тұрғыда қазақстандық дипломат Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінің тиімді жұмыс істеуі мен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін қалпына келтірудің маңызын атап өтті.

«Бақты – Покиту» өткізу бекетінде үшінші теміржол өткелінің құрылысына, сондай-ақ қазақстандық азық-түлік тауарларының ҚХР аумағына жеделдетіп өтуі үшін «жасыл дәлізді» ашуға ерекше назар аударды.

Сонымен бірге, мәдени-гуманитарлық және туристік алмасуларды қалпына келтіру мәселесі талқыланды.

photo

Осылайша, Қазақстан Елшісі ШҰАА-мен бірлескен мәдени іс-шаралар және өңірдегі туристік компаниялар үшін еліміздің көрікті жерлері туралы роуд-шоу өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Ма Синжуй өз тарапынан қазақстандық дипломат көтерген мәселелердің маңызын атап өтіп, қытай тарапының оларды белсенді түрде пысықтауға дайын екенін жеткізді.

Атап айтқанда, шекара бекеттерінің өткізу қабілетін арттыруға, ауыл және мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге «жасыл дәлізді» қамтамасыз етуге, азаматтардың өзара сапарларына қолайлы жағдай жасауға, мәдени алмасуды тереңдетуге, туристік ынтымақтастықты орнатуға әзірлік расталды.

photo

Сондай-ақ сапар барысында Елші ұлты қазақ ҚХР азаматтарымен кездесу өткізді.

Ш.Нұрышев қандастарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудың негізгі кезеңдері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Қазақстан-Қытай екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің қандастарға көрсететін түрлі қолдау шаралары туралы айтты.

photo
Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды