Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі

10.06.2025, 09:45
1620
Шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштері енді онлайн беріледі elements.envato.com

Жобаны пилоттық режимде іске қосу көзделіп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сотталған азаматтар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға немесе жазасын жеңілдетуге қатысты өтініштерін енді онлайн түрде бере алады. Бұл жөнінде Жоғарғы сотта өткен арнайы жұмыс кеңесінде мәлім болды.

Кеңеске Жоғарғы сот, Бас прокуратура, ІІМ, Сот әкімшілігі, ҚАЖ комитеті және басқа да сала мамандары мен цифрлық технология сарапшылары қатысты.

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина сот жүйесін цифрландыру – Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты екенін атап өтті.

Цифрлық жүйенің мақсаты – үкімді қайта қарау және шартты түрде босату процестерінің ашықтығын, тиімділігін және әділеттілігін арттыру. Жаңа онлайн платформа келесідей мүмкіндіктерді қамтиды:

сотталғандардың цифрлық ісін жүргізу;

шартты түрде босату және жаза ауыстыру өтініштерін онлайн тапсыру;

материалдарды ҚАЖ, прокуратура және сот арасында цифрлы түрде жолдау;

бейнебайланыс арқылы процестерге қашықтан қатысу;

сот шешімдерін автоматты түрде тараптарға жеткізу;

шешімдерге аналитикалық талдау жүргізу.

Сот әкімшілігі төрағасының орынбасары Жантемір Шәкиевтің айтуынша, бұл – тек цифрлық реформа ғана емес, әділет пен заң үстемдігін нығайтатын әлеуметтік-құқықтық реформа.

Жобаны пилоттық режимде іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар қатысушылар бұл бастаманы заңнамалық жағынан қолдап, дербес деректерді қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

Цифрлық жаңалықтар сот жүйесінің ашық әрі әділетті болуына қызмет етпек. Жоба аясында құқық қорғау ұйымдары мен тәуелсіз сарапшылар да атсалыспақ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды