Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды

Азиз Қалижан Редактор
10.06.2025, 10:30
1434
Қала әкімі тоқ соғып көз жұмды: Өліміне қатысты тергеу басталды әлеуметтік желі

Марқұм тұрғындардың арасында беделі жоғары азамат болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Маниса қаласының мэрі Ферди Зейрек электр тоғына түсіп, ауыр жарақат алғаннан кейін ауруханада көз жұмды. Бұл жайында Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоғлу әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

— Маниса мэрі Ферди Зейрек жазатайым оқиғадан кейін ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде емделіп жатқан. Қанша медициналық көмек көрсетілгенімен, өкінішке қарай, оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына және оны жақсы көрген барша жанға қайғырып көңіл айтамыз, — деп жазды министр.

БАҚ-тағы мәліметке қарағанда, оқиға марқұмның өз үйінде болған. Ол үйдегі бассейннің техникалық ақауын жөндемек болғанда тоқ соққан. Ауыр жарақат алған мэр дереу ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай жан тапсырған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Түркия билігі тергеу амалдарын бастады. Қазірдің өзінде 12 адамнан куә ретінде жауап алынған. Тағы екі адам күдікті ретінде тергеліп жатыр. Тергеуді мұқият жүргізу үшін үш прокурор арнайы тағайындалған.

Ферди Зейрек 1977 жылы Маниса қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Ахмет Тирашчи — Манисадағы беделді адамдардың бірі болған, анасы — үй шаруасындағы әйел. Зейрек мектеп пен жоғары оқу орнын осы қалада аяқтап, Улудағ университетінің сәулет факультетін тәмамдаған.

2003 жылы Нурджан есімді азаматшамен шаңырақ көтеріп, отбасылы болды. Әскерден кейін туған қаласында сәулет жобалау және интерьер дизайнымен айналысатын жеке компания құрған. Сонымен қатар, түрлі қоғамдық ұйымдарда, үкіметтік емес бастамаларда белсенді жұмыс істеген.

Ферди Зейрек 2012–2014 жылдары «Манисаспор» футбол клубының басқарма мүшесі болды. 2019 жылғы жергілікті сайлауда Республикалық халық партиясынан Маниса мэрлігіне кандидат ретінде ұсынылды. Ол қалалық мәслихаттың, аудандық кеңестің және партиялық жоспарлау комиссияларының мүшесі ретінде жұмыс істеген. Кейіннен Республикалық халық партиясының Маниса облыстық филиалын басқарды.

2024 жылдың 31 наурызында өткен жергілікті сайлауда Маниса қаласының әкімі болып сайланған еді. Оның өмірден өтуі тек қалалық емес, бүкіл ел бойынша үлкен резонанс тудырып отыр.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды