Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді

10.06.2025, 11:11
776
Иран Израильдің ядролық құпияларына қол жеткізгенін мәлімдеді GETTY IMAGES

Олар Израильдің АҚШ пен Еуропамен байланысына қатысты мемлекеттік құпия қолымызда деп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран барлау министрі Эсмаил Хатиб Тегеран Израильдің ядролық нысандарына қатысты құпия құжаттарды қолға түсіргенін мәлімдеді. Алайда Иран тарапы бұл мәлімдемеге нақты дәлел ұсынбады.

Министрдің айтуынша, құжаттарда Израильдің қорғаныс әлеуеті, сондай-ақ АҚШ пен Еуропамен байланысына қатысты мәліметтер бар. Хатиб бұл құжаттарды "стратегиялық қазына" деп атап, Иранның шабуылдаушы әлеуетін күшейтетінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жақын арада бұл құжаттардың бір бөлігі жариялануы мүмкін.

Айта кетейік, 2022 жылы АҚШ Қаржы министрлігі Хатибті кибершпионажға қатысы бар деген айыппен санкция тізіміне енгізген болатын.

Иран ядролық қару жасауға ұмтылып жатыр деген айыпты Батыс елдері бірнеше жылдан бері айтып келеді. Тегеран бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатта екенін алға тартады.

Маусым айының басында АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Иранға ядролық бағдарлама бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс жолдаған. Құжатта Иранға уранды төмен деңгейде байытуға уақытша рұқсат беру қарастырылған. Алайда 7 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп Иран уран байытуды тоқтатпаса, салдары ауыр болатынын ескертті.

Өз кезегінде Иранның рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің айтуынша, АҚШ ұсынған шарттар елдің мүддесіне қайшы. 9 маусымда Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі ядролық келісім бойынша АҚШ-қа қарсы ұсынысты Оман арқылы жолдайтынын хабарлады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды