805

Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды

БАӘ-дегі елшінің кеңесшісі болған дипломат өз әйелін бірнеше жылдар бойы ұрып келгені айтылған еді.

Астанада әйелін ұрды деп күдікке ілінген экс-дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада бұрынғы дипломат, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Ол жұбайына жылдар бойы күш көрсеткені үшін айыпталуда.

Істі Астана қалалық ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот қарап жатыр. Сот процесінің фото және видео түсірілімдеріне жәбірленуші Карина Мамаш пен айыпталушы Сәкен Мамаш қарсы шықты.

Сот отырысының ашық немесе жабық түрде өтуі де талқыланып жатыр: жәбірленуші тарап жабық өткізуді сұраса, айыпталушы тарап процес ашық болғанын қалайды. Қазір судья Артур Абдыханов бұл мәселеге қатысты шешім қабылдау үшін сот залынан шығып кетті.

Еске салайық, Сәкен Мамаш 2024 жылдың 4 сәуірінде қамауға алынған болатын. Былтыр мамырда оның жұбайына және оның әпкесіне бірнеше рет қол көтергені туралы ақпарат тараған еді. Осыдан кейін экс-дипломатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, жәбірленуші дағдарыс орталығына орналастырылған. Кейін қосымша тағы бір іс қозғалды.

Қазіргі таңда процестің қалай өтетіні мен сот шешімі қоғам назарында.

Материал авторы