Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
10.06.2025, 12:32
858
Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Айдана қонақ боп келген продюсерге ән айтып берген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал ресейлік продюсер Арутюн Тамамян Лос-Анджелестегі мейрамханада жұмыс істеп жүрген қазақстандық әнші Айдана Байтұрсынованың өнеріне жоғары баға берді.

Мейрамхана қонағы ретінде келген Тамамянға Айдана өз даусын көрсетіп, ән орындап берді. Продюсер әнші қыздың өнерін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, "Ән де, дауысыңыз да, орындауыңыз да — тіпті жаман емес, тамаша!" деп пікір білдірді.

Арутюн ү – Fargo лақап атымен танымал, Тимати, Дима Билан, Ольга Бузова сияқты шоу-бизнес өкілдерімен жұмыс істеген белгілі продюсер, музыкант және DJ.

Видео жарияланған соң Айданаға қатысты көптеген сұрақтар туындап, жұрт оның кім екенін іздей бастады. Оны көпшілік әнші емес, журналист ретінде танитынын айтты. Осыған байланысты KYN.KZ тілшісі бұрынғы әріптесімен байланысып, мән-жайды анықтады.

"Қазақстанда 10 жылдан астам 'Евразия Бірінші' арнасында жұмыс істедім. Журналистикамен қатар ән айту — бала күнгі арманым. Қазір АҚШ-та Green Card-пен тұрып жатырмын. Алғашқыда түрлі жұмыстар істедім. Қазір бірнеше жерде қызмет етемін. Осы жерде тапқан қаражатпен авторлық әндер жазып, бейнебаян түсірдім. Арутюн Таманян сынды мықты продюсердің оң бағасына ие болғаныма қуаныштымын", – деді Айдана Байтұрсынова.

Айдана бүгінде АҚШ-та еңбек етіп жүрсе де, өнер жолынан бас тартпай, арманына қарай сеніммен қадам басып келеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды