Ресей «иноагент» туралы заңды күшейтті: Енді айыппұлдан кейін бірден қылмыстық іс қозғалады

10.06.2025, 13:49
909
Ресей «иноагент» туралы заңды күшейтті: Енді айыппұлдан кейін бірден қылмыстық іс қозғалады Sergei Fadeichev/TASS

Бүгінде мыңнан астам адам шетел агенті деп танылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей үкіметі «шетел агенттері» туралы заңды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады. Жаңа ереже бойынша, «шетел агенті» деп танылған тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған соң, бірден қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұрын бұл тек бір жыл ішінде екі рет айыппұл салынғанда ғана қолданылатын.

Заң жобасын Мемлекеттік думадағы шетелдік араласу фактілерін тергеу жөніндегі комиссия әзірлеген. Комиссияны Василий Пискарев басқарады. Құжатты Жоғарғы сот мақұлдады, енді Мемдума қарауына өтеді.

2025 жылғы 9 маусымдағы жағдай бойынша Ресей Әділет министрлігінің тізімінде 1012 «шетел агенті» тіркелген. Медиазона басылымының мәліметінше, олардың 342-сіне әкімшілік айыппұл салынған. Заң күшіне енсе, осы тұлғалардың бәріне бірден қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Ал 173 адамға екі рет айыппұл салынған, 68-іне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Олардың арасында саясаттанушы Екатерина Шульман, әнші Монеточка және рэпер Noize MC болуы мүмкін. Оларды «шетел агенті» мәртебесін көрсететін белгі — «плашка» болмағаны үшін айыптаған.

Заң жобасында бұдан бөлек:

бұзушылықтарды жыл сайын «нөлдеу» тәртібін алып тастау;

Ресей мойындамаған халықаралық ұйымдармен жұмыс істеген тұлғаларды да «шетел агенті» деп тану;

әскери-техникалық салаға қатысты ақпарат жинағандарды да осы санатқа қосу қарастырылған.

Айта кетейік, 2012 жылы алғаш қабылданған заң бойынша «шетел агенті» мәртебесі шетелден қаржыландырылатын ұйымдарға ғана берілетін. Қазір бұл мәртебеге саясаткерлер, журналистер, музыканттар мен құқық қорғаушылар да ілігіп жатыр.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр