Чехияда Ресейдің тапсырмасымен автобус өртеген колумбиялық азамат сотталды

10.06.2025, 15:35
608
Чехияда Ресейдің тапсырмасымен автобус өртеген колумбиялық азамат сотталды Petr David Josek/The AP

Кремль тапсырма бергенін жоққа шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Чех Республикасының соты Колумбия азаматын қоғамдық көліктерге қасақана диверсия жасағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырды. Билік өкілдерінің мәліметінше, шабуыл Ресей тарапынан ұйымдастырылған болуы мүмкін.

26 жастағы Андрес Альфонсо Хос де ла Крус былтыр Прагадағы Кличов ауданындағы автобус паркінде үш автобусты өртегеннен кейін ұсталған. Ол бұл әрекетті видеоға түсіріп, оқиға орнынан бой тасалаған. Өрт сөндіруге тырысқан жұмысшылардың айтуынша, жалыннан келген шығын 200 000 чех кронынан (шамамен 8 000 еуро) асқан.

Сот үкіміне сәйкес, Крус Чехия мемлекетіне 115 000 крон (4 639 еуро) көлемінде материалдық шығынды өтеуі тиіс. Ол кінәсін толық мойындаған.

Telegram арқылы тапсырма алған

Тергеу материалдары бойынша, Крусға диверсия жасау жөніндегі нұсқаулар Telegram мессенджері арқылы берілген. Қасақана өртеу әрекетіне келісім ретінде оған бірнеше мың еуро уәде етілген.

Чехия премьері: бұл – Ресейдің саботаж әрекеті

Оқиғадан кейін Чехия премьер-министрі Петр Фиала шабуылды Ресей тарапы ұйымдастырған және қаржыландырған болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Мұндай шабуылдар – азаматтардың өз мемлекетіне деген сенімін шайқалтуға бағытталған Ресейдің жүйелі әрекеттерінің бір бөлігі», – деді ол.

Кремль болса бұл оқиғаға қатысы барын жоққа шығарып отыр.

Батыс елдерінің шенеуніктері 2022 жылы Украинаға қарсы соғыс басталғалы бері Ресейдің Еуропа бойынша ондаған шабуылды ұйымдастырғанын айтып келеді. Бұл айыптауларға 2014 жылы Чехиядағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс та кіреді. Прага ол кезде де шабуылдың артында Ресейдің әскери барлау қызметі – ГРУ тұр деп мәлімдеген.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады