«Көреалмаушылықтан кетті»: 17 жастағы қыз «жанкүйері» берген торттан уланып өлді

Азиз Қалижан Редактор
10.06.2025, 15:51
1434
«Көреалмаушылықтан кетті»: 17 жастағы қыз «жанкүйері» берген торттан уланып өлді cnnbrasil.com.br

Марқұмға жіберілген тортқа мышьяк қосылғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бразилияда 17 жастағы Ана Луиза де Оливейра Невеске белгісіз "таңсық жанкүйерден" келген торт өмірін жалмады. Кейін белгілі болғандай, бұл – қызғаныштан туған қаскөйлік.

CNN Brazil дерегінше, тортты курьер жеткізген. Қорабында: «Көргенімдегі ең сұлу қызға арнадым» деген жазу болған. Алайда, тәттіден дәм татқан соң Ана Луизаның жағдайы күрт нашарлаған – жүрегі айнып, құсып, іш өткені тоқтамаған.

Қыздың әкесі оны дереу ауруханаға апарған. Дәрігерлер «тамақтан улану» диагнозын қойғанымен, келесі күні оның жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер араша түсе алмады.

Полиция бұл істі тергеу барысында сұмдық шындықтың бетін ашты: тортты құпия жанкүйер емес, Ана Луизаның өз құрбысы жіберген. 17 жастағы қыз оны қызғаныштан улағанын мойындаған. Ол тортқа мышьяк қосқан.

Тағы бір шындық — Ана уланған түні қаскөй қыз оның үйінде қонып, ештеңе білмегендей кейіп танытқан. Тергеп-тексеру кезінде бұл оның алғашқы әрекеті емес екені анықталды. Бұған дейін тағы бір қызды да улап көрген, себебі ол қыз екі жігітті «тартып алған» деп ойлаған. Абырой болғанда, алғашқы құрбаны аман қалған.

Қазір кәмелет жасына толмаған қылмыскер жабық тәрбие мекемесіне жіберілді. Тергеу жалғасуда.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды