Семейде КамАЗ жүргізушісі велосипедшіні қағып өлтірді

10.06.2025, 18:29
1392
Семейде КамАЗ жүргізушісі велосипедшіні қағып өлтірді Абай облыстық ПД

Велосипед мінген азамат көз жұмды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипед мінген азамат көз жұмды. Оқиға 10 маусым күні Папанина мен Қаржаубайұлы көшелерінің қиылысында болған.

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ жүргізушісі Папанина көшесінен бұрылған кезде, жол бойымен келе жатқан велосипедшіні қағып кеткен.

"Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында жан тапсырды", – делінген полиция хабарламасында.

Жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері дереу жеткенімен, ер адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлік құралын жүргізушінің жол жүрісі ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкелуі") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды