Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлап, елдің мақтауын естіді (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
10.06.2025, 19:56
902
Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлап, елдің мақтауын естіді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Көпшілік келіннің қайын атасына деген мұндай құрметін қолдап жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер, әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлап, жұртты таңғалдырды.

Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасын көлікпен қуантты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

“Әкемізге көлік сыйладық. Балаша қуанып жүр. Әлі шок болып жатыр. Жүрегі таза, көңілі кең әкеміз аман болсын! Ата-аналарымыз тек жақсылықтарымызды көрсін!” – деп жазды Фариза.

Күйеуі, спортшы Дархан Нортаевтың айтуынша, әкесі бұған дейін көлік айдауға қызықпаған.

“Әкем өмір бойы көлік айдамаған, тіпті қызығушылығы да болмаған, сұрамаған да. Ол үшін ең бастысы – бала-шағасының амандығы. Ал менің алғашқы көлігім де дәл осындай болған еді. Сол себепті, үйренуге ыңғайлы, биік әрі жайлы көлік алып бердік. Ең бастысы – әкем разы. Бұйырса, бұл – әкеме сыйлаган соңғы көлігім емес. Алла қаласа, жыл сайын бұдан да жақсы көліктерге мінгіземін деп ниеттенемін”, – деп жазды спортшы.

Әлеуметтік желі қолданушылары Фаризаның әрекетін жоғары бағалады.

«Құтты болсын!», «Нағыз үлгілі келін!», «Бізге де осындай қуаныш жұғысты болсын», «Машинаның қандай екенінде емес, бастысы – адамның шын ниетінде, перзенттерінің әкесіне деген сыйластығында. Сыйлап, ниет етіп, алып бергенінде деп ойлаймын. Тіпті мен «қандай машина екен?» деп қарамаппын да. Маған әкесінің қатты қуанып, көзінен жас шыққаны қатты әсер етті. Әкесі машина алғанына емес, перзенттерінің махаббатына, ниетіне қатты қуанды деп ойлаймын», - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін Фариза Төреәлі туған күнінде құны 6 млн теңгелік сағат сыйға алып, жұрт талқысына түскен еді.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады