«Ине мен ойыншықтар таптым»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне жасалған сиқыр қастандық туралы ашық айтты (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
10.06.2025, 20:30
999
«Ине мен ойыншықтар таптым»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне жасалған сиқыр қастандық туралы ашық айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Кімнің жасап жүргенін де жақсы білемін дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында өмірінде бірнеше мәрте сиқыр құрбаны болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай жағымсыз жағдайлар оның рухани дамуына ықпал еткен.

Айжұлдыз сиқырдың нақты кімнен келгенін де білетінін айтты.

«Менің басымнан талай жағдай өтті. Ине, ойыншық секілді нәрселерді үйімнен не болмаса киімдерімнің арасынан талай таптым. Кімнің жасап жүргенін де жақсы білемін. Бірақ бұл зұлымдықтар мені әлсіреткен жоқ, керісінше иманымды күшейтті. Енді үйден дұғасыз шықпаймын, алған әрбір сыйлыққа сақтықпен қараймын. Дәретсіз, садақасыз жүрмеймін. Әр қиындықты мүмкіндікке айналдыруға тырысамын», – деп жазды ол парақшасында.

Блогердің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Комментарийлер астында көптеген оқырман өз пікірлерін қалдырды.

«Ондай адамдардан құтылғаның қандай жақсы болған», «Көзіме еріксіз жас келді», «Мұны оқып, денем тітіркеніп кетті», «Сиқыр жасағандардың Құдай жазасын берсін», «Енем де маған сиқыр жасаған», «Сиқыр кері әсер етеді дейді ғой, жасаған адамның өзіне, ұрпағына дейін қайтады екен» – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Айжұлдыздың басынан өткен бұл жағдайлар көптеген оқырманның көкейіндегі қорқыныштар мен сенімдерді қозғап, қызу талқылауға ұласты.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады