Екі күн бұрын лауазымынан кеткен Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жалған боп шықты

10.06.2025, 15:09
1306
Екі күн бұрын лауазымынан кеткен Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жалған боп шықты Тогжан ГАНИ

Қорғаныс министрі болған Жақсылықов қазір отбасымен түскі ас ішкелі жатқанын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Қорғаныс министрі болған Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратты экс-министр Tengrinews.kz сайтына берген жауабында жоққа шығарды.

Жақсылықов 2025 жылғы 8 маусымда Қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Ашық дереккөздерде жарияланған мәлімет бойынша, кейбір Telegram арналары 10 маусымда оның тергеуге алынғанын және Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жарыса жазды. Алайда ақпарат жалған боп шықты.

- Бұл жалған, - деп хабарлады ол Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы.

Қазір ол Астанадағы үйінде отбасымен бірге түскі ас ішкелі жатқанын айтты.

Сондай-ақ ол жалған ақпарат таратқандарға сотқа арыз түсіретінін ескертті.

Еске салайық, 2022 жылдың басында газ бағасына қойылған шектеудің алынып тасталуына байланысты туындаған наразылықтар Қаңтар көтерілісіне ұласқаннан кейін Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді. Оған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары әрі Ұлттық ұланның қолбасшысы қызметін атқарған.

Артынша 2024 жылдың ақпанында Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Жақсылықов қайтадан Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалған.

Жақсылықов министрлікті басқарған кезінде Қарулы күштерде әскери қызметшілердің қаза табуы мен өзіне қол жұмсауы сияқты бірқатар қайғылы оқиға орын алып, қоғамда резонанс тудырған. Осы жайттар министрлікке сын айтылуына себеп болды. Алайда, ресми түрде оның қызметінен босатылу себебі жарияланған жоқ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады