Қазақстанда 5 миллиард теңгені жымқырған алаяқ Черногорияда қолға түсті

11.06.2025, 09:45
1468
Қазақстанда 5 миллиард теңгені жымқырған алаяқ Черногорияда қолға түсті Polisia.kz

Алаяқ басшылықтағы 2 жыл ішінде 5 миллиард теңгені «жеп» үлгерген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы Черногорияда ұсталды.

Polisia.kz дерегінше, ер адам 2022 жылдың қазанынан бастап 2024 жылдың маусымына дейін еліміздегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірін басқарып келген. Осы аралықта ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, өз мүддесі үшін бірқатар алаяқтық әрекетке барған. Күдікті басқа компанияларға тиесілі қаржы мен мүлікті заңсыз иемденіп, миллиардтаған шығын келтірген.

Келтірілген залал сомасы 5 миллиард теңгеден асады. Түркия азаматы Черногорияның Будва қаласында ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұранысы негізінде ұсталды. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды