Олигархтардан қайтарылған ақшаға ауылдарда медициналық орталықтар ашылды

11.06.2025, 10:30
868
Олигархтардан қайтарылған ақшаға ауылдарда медициналық орталықтар ашылды GOV.KZ

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен екі медициналық мекеме ашылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен салынған екі жаңа медициналық нысан халыққа қызмет көрсете бастады. Бұл жобалар Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асқан.

Атап айтқанда, Аршалы ауданына қарасты Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория, ал Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Нысандарды салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінген.

Арнасайдағы амбулатория 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Заманауи жабдықталған мекемеде бір ауысымда 45 адам қабылданады. Мұнда ЭКГ, дефибриллятор, оңалту және физиотерапия құрылғылары орнатылған.

Ал Алтындыдағы медициналық пунктке бес ауылдың – Алтынды, Алакөл, Жаңаталап, Елтай және Боярка тұрғындары қарасты. Мұнда да жаңа медициналық құралдар орнатылып, халыққа алғашқы көмек көрсету сапасы жақсара түсті.

Жаңа нысандардың ашылуына ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Айта кетейік, облыста тағы сегіз медициналық нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы, өңірде денсаулық сақтау саласын дамытуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады