Ауғанстан мен Қазақстан: Орталық азия қауіпсіздігі

11.06.2025, 11:01
1697
Ауғанстан мен Қазақстан: Орталық азия қауіпсіздігі коллаж Дина Ғалымжанқызы

Ауғанстанда 2021 жылы Талибан қозғалысының билікке келуі Орталық Азия аймағында жаңа геосаяси қауіптер мен мүмкіндіктер тудырды.

2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Талибан қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім қабылдады. Бұл шешім халықаралық деңгейде де, ел ішінде де қызу талқыланды. 

Президент бұл қадамды геосаяси шындықты ескере отырып қабылдағанын атап өтті:

"Біз Ауғанстандағы қазіргі билікті ұзақ мерзімді фактор ретінде қарастыруымыз керек. Бұл шешім аймақтағы сауда-экономикалық байланысты дамытуға жол ашады," – деді

Президент бұл мәлімдемесінде халықаралық қауымдастықпен тепе-тең қарым-қатынас ұстанатын, бейтараптықты сақтай отырып, ел мүддесін қорғайтын саясаттың үлгісін көрсетті. Бұл Қазақстанның геосаяси тұрақтылықты басты орынға қоятын сыртқы саяси бағытын көрсетеді.

Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсету бағытында гуманитарлық саясатты ұзақ жылдар бойы жүргізіп келеді. Сыртқы істерминистрлігінің арнайы өкілі Станислав Василенко бұл мәселеге кеңінен тоқталды:

"Қазақстан – бейбіт бастамаларды қолдаушы ел. Біз Ауған халқына білім беру, азық-түлік, денсаулық сақтау салаларында көмек көрсетіп келеміз. Бұл – тек гуманитарлық мәселе емес, сонымен қатар өңірлік қауіпсіздікке қосқан үлес," – деді ол.

Василенконың айтуынша, гуманитарлық көмек – тек адами құндылықтарға негізделген әрекет емес, ол сонымен қатар қауіпсіздіктің алдын алу тетігі. Гуманитарлық саясат – жұмсақ күш элементі ретінде Қазақстанның бейбітшілікке бағытталған саяси мүдделерін жүзеге асыруға сеп болады.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы экономикалық байланыстар туралы сөз қозғап, саяси жағдайға қарамастан, экономикалық диалог қажеттігін айтты:

“Саясат – саясат, экономика – экономика. Біз Талибан үкіметін ресми түрде мойындамасақ та, сауда-экономикалық байланысты дамытуымыз керек. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай,” – деді ол.


Фото: primeminister.kz

Бұл ұстаным Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен өңірлік экономикалық серіктестік арасындағы теңгерімді сақтау саясатын көрсетеді. Ауған нарығына азық-түлік, құрылыс материалдары және дәрі-дәрмек жеткізу – қазақстандық кәсіпкерлер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Орталық Азия елдерімен бірлесе отырып, Ауғанстан мәселесіне қатысты аймақтық қауіпсіздік құрылымдарын нығайтуға тырысып келеді. ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы), ТМД және ҰҚШҰ аясындағы бастамалар осы бағыттағы өзара іс-қимыл алаңдарына айналып отыр. Сонымен қатар, еліміз Ауғанстандағы этникалық қазақтардың тағдырына алаңдап, оларды елге оралуына көмектесу бағытында да нақты қадамдар жасауда.

Ауғанстан – тек қауіп емес, сонымен қатар Орталық Азияға шығыс бағытындағы маңызды нарық және логистикалық дәліз. Бұл бағытта «Транс-Афған» теміржол жобасы секілді бастамалар да Қазақстан үшін қызығушылық тудырады. Аталған жоба Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан және Ауғанстанды байланыстырып, Қытай мен Үндістан нарықтарына жаңа жол аша алады.

Қазақстанның Ауғанстанға қатысты ұстанымы – стратегиялық салмақтылықтың үлгісі. Ел басшылығы нақты геосаяси жағдайға қарай әрекет ете отырып, аймақтық тұрақтылықты сақтауға, өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға ұмтылып отыр. Тоқаевтың саяси реализмге негізделген шешімдері, Василенконың гуманитарлық көзқарасы және Жұманғариннің экономикалық прагматизмі – бәрі де Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының құрамдас бөлігі. Бұл ұстаным елімізді тек аймақтағы ғана емес, халықаралық аренадағы сенімді әріптес ретінде көрсетеді.

Автор: Дина Ғалымжанқызы

АҚШ Венесуэла мұнайын тасымалдаған алтыншы танкерді ұстады Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті Dala.Camp форумында мал шаруашылығы саласындағы жобалардың питчингі өтеді Петропавлда зейнеткер әйел үсіп қайтыс болды Түркістан облысында жұмыс берушінің қателігі ана мен баланы жәрдемақысыз қалдырды «Басы жарылып, құлағы естімейді»: Қазақ модель қыз Бали аралында қамауға алынды (ВИДЕО) Автобуспен Мәскеуден Ташкентке бет алған шетелдіктер жолда үсіп қалды Венесуэла оппозиционері Нобель сыйлығын Трампқа берді Боран, көктайғақ және қатты аяз: 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы Ақтауда сержант қызметтік КамАЗ астында қаза тапты Туыстары байланған жарамен тапқан: Талғар маңында әйел адамды пышақтап өлтірді Астанада 7 жасар шөбересін туған күнде зорлаған қария сотталды Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды Жұмбақ жағдайда қайтыс болған балалардың аналарын полиция ұстап әкетті (ФОТО) Air Astana қызметкерлері сотқа тартылды Актриса Альмира Тұрсын өзін балағаттағандарға қатаң ескерту жасады Куликов дауы: Қазақ және қырғыз халқы кондитерлік желіге жаппай бойкот жариялады (ВИДЕО) 600 мың теңгенің торт дауына сот нүкте қойды Шымкент базарында үнді студентіне тиіскендерге сот шешім шығарды (ВИДЕО) «Қазақ халқынан кешірім сұраймын»: Әкесін азаптаған ер адам сотта көз жасына ерік берді