Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады

12.06.2025, 19:33
1997
Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады VISA

Чемпионатқа бір жыл қалғанда кері санақ басталып, Visa жанкүйерлерге ең танымал жас футболшылардың бірімен бірге эксклюзивті мүмкіндіктер мен есте қаларлық сәттерді ұсынады – бұлтурнир жақындаған сайын болатын қызықтардың тек бастамасы ғана.

Visa Ламин Ямальды FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатының жаһандық амбассадоры ретінде таныстырды.

Канада, Мексика және АҚШ-та өтетін FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатының басталуына тура бір жыл қалғанда, цифрлық төлемдер саласының әлемдік көшбасшысы және футболдың сенімді серіктесі Visa (NYSE: V) компаниясы осы спорт түрінің ең жарқын жас жұлдыздарының бірі — Ламин Ямальдың турнир кезінде компанияның жаһандық амбассадоры болатынын жариялады.

Бұл оқиғаны атап өту және тарихтағы ең ауқымды FIFA™ футболдан әлем чемпионатына деген қызығушылықты арттыру үшін Visa карта ұстаушыларға эксклюзивті жанкүйерлік тәжірибелер ұсынады. Олардың ішінде FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионаты қарсаңында Барселонада Ламин Ямальмен жеке кездесу және оның қолтаңбасы бар кәдесыйлар алу мүмкіндігі де бар.

«Ламин футболдың болашағын — батыл, тартымды және зор әлеуетке ие екенін бейнелейді, — деп түсініктеме берді Тарек Абдалла (Tarek Abdalla), Visa компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (CEMEA) аймағы бойынша маркетинг директоры. — Visa спорт арқылы жанкүйерлермен байланысты нығайтудың жаңа тәсілдерін үнемі іздейді. FIFA™ футболдан әлем чемпионатында Visa амбассадоры ретінде Ламин әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлерге шабыт бере отырып, бұл керемет ойынның рухы мен құмарлығын паш етеді».

Ямаль бірнеше рекордты жаңартып, футбол әлемін таңғалдырды. Оның шеберлігі, жылдамдығы мен алаңдағы стратегиясы оны әлемдік жұлдызға және футболдың дамуының символына айналдырды.

Серіктестікке қатысты Ламин Ямаль:
«Футбол — бұл жай ғана ойын емес, бұл бүкіл әлем бойынша адамдарды біріктіретін қуаныш көзі. Мен Visa-мен серіктес болғанымды мақтан тұтамын. Бұл маған осы құмарлықты бөлісуге және спорт арқылы адамдарды шабыттандыруға мүмкіндік береді», — деді.

FIFA-ның ресми төлем технологиялары серіктесі ретінде Visa футболды инклюзивтілік пен бүкіл әлем бойынша қолжетімділікті ілгерілету құралы ретінде пайдаланады — жергілікті бастамалардан бастап жаһандық алаңдарға дейін.

Инновациялық тәжірибелер, спортшылармен серіктестік және карта ұстаушыларға ұсынылатын эксклюзивті артықшылықтар арқылы Visa жанкүйерлер мен ойыншылар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынып, футболдың болашағына жаңаша көзқарас қалыптастыруда.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды